Тәлімгер конкурс
Мемлекеттік қызметшілердің
бос лауазымына орналасуға конкурс туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
- Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ :
- 1.Абай облысы, Үржар ауданы, Жана тілек ауылы, Сұлтан Бейбарыс 16 А мекен жайында орналасқан Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің
- негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:
1.Тәлімгер – 1 бірлік
2.1. функционалдық міндеттері
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істей білу.
Білім алушылардың жеке қажеттілігін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық - коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.
Білім беру үрдісі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.
Білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
2.3. Еңбек ақысының мөлшері
2.4. Еңбекке ақы төлеу шарттары
Айлық еңбекақы мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады.
- Лауазымдық міндеттері:
- Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі.
- Балалар мен жеткеншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтарымен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды.
- Ұжымдық – шығармашылық қызметті ұйымдастырады.
- Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды.
- Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды.
- Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени – бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді.
- Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушын) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді.
- Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін – өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата – аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Жауапкершілігі.
- Тәлімгер Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіп үшін жауапты болады:
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықбұзушылығы мен бостандығы;
- құзыреттілігіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
- жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарт талаптарының бұзылуы;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және білім беру ұйымы қызметкерлерінің білім беру процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
- нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген өзге де тәртіп бұзушылықтары;
Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
- оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін;
- педагогика мен психологияны,
- пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,
- оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Конкурсты өткізу мекен жайы: 180820, Абай облысы, Үржар ауданы, Жаңа Тілек ауылы, Бейбарыс Сұлтан 16 «А» , анықтама үшін телефон, факс тел.8(7223026539, E-mail: : auezovaurjar@mail.ru
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.