Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына КОНКУРС
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ :
1.Абай облысы, Үржар ауданы, Жана тілек ауылы, Сұлтан Бейбарыс 16 А мекен жайында орналасқан Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қойылатын біліктілік талаптары :
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл. Педагог модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл
Лауазымдық міндеттері:
Білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
Электронды журналдарды толтырады.
Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылыққызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын сақтайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады.
Лауазымдық жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 150 000– нан 200 000 теңгеге дейін
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны: Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: Абай облысы, Үржар ауданы, Жана тілек ауылы, Сұлтан Бейбарыс 16 А, анықтама байланыс телефондары: 872230 26-5-39
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог - сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) Резюме
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.