Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқан
«Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
2020 жылғы 9-20 қараша аралығында«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізді
Мақсаты: Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.
Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанынына жоспар құрылып, сыныптарға тапсырмалар берілді.
Жоспарға сай 9 қараша күні қазақ тілі,әдебиет пәні мұғалімі Жарыкбасова.Ш.Д, Каниева.Е.А ұйымдастырумен «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты үздік эссе байқауы 9,10,11сынып оқушылары арасында өткізілді.
10-13 қараша аралығында ата-аналар қауымы үшін «Зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» атты видео роликтер көрмесі, «Зорлық- зомбылыққа жол жоқ » суреттер байқауы, «Зорлық –зомблықсыз балалық шақ » тәрбие сағаты, психологиялық қызметтің, асырап алушы ата-аналар мектебінің және отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырылып өткізілді.
17- қараша күндері «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» ауылдық учаскелік инспектор аға лейтенант Нұрқабыл Кабдикармұлымен онлайн кездесу өтті.
18-қараша күні «Қызға қырық үйден тыйым» ерте жүктіліктің алдын алу бойынша ауылдық гинеколог –акушер Есенова Әйгерім Ақанқызымен онлайн кездесу өтті.
19 қараша «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық онкүндігінің қорытынды нәтижесін дарялап аталған шаралардың үздік шыққан роликтерді Facebook, Instagram желісіне жаряланды сонымен қатар белсене қатысқан оқушылар мектеп директорының алғыс хаттарымен марапатталды.
Осындай ізгі іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.

