Алтын күз
25 қазан күні мектебімізде көптен күткен 15 «Аяулы күз, Алтын күз» атты экологиялық апталығына жоспар құрылып, сол жоспар іс жүзінде атқарылды. 1 – 11 – сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өз деңгейінде аталып өтті. Жоспарға сай оқушылардың күзгі дақылдардан жасалған қол өнер көрмесі ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. «Аяулы күз, Алтын күз» атты экологиялық апталығына арналып қабырға газеттері шығарылып, ақын жанды оқушылар күзге арнап авторлық шығармашылықтарын арнады. Күзгі дақылдардан 1-11 сынып арасында жәрмеңке ұйымдастырылып, одан түскен қаржыдан «Қамқорлық айлығына» байланысты әлеуметтік тұрмысы төмен оқушыларға көмек көрсетілді. 7-10 сынып арасында «Аяулы күз, Алтын күз» атты күзгі балда ханзадалар мен ханшайымдар сайысы жоғары деңгейде өтті. Сайыс 5 бөлімнен тұрды: «Таныстыру», «Өнерлі өрге жүзер», «Күз дақылдары», «Күзгі сән үлгісі», «Вальс».Оқушылар өте жақсы дайындықпен қатысты. Әр сайыс бойынша оқушыларға номинация беріліп, күз ханшайымы мен ханзадасы анықталып,марапатталды. Күз ханшайымы 10-сынып оқушысы – Жайдарқан Мұратхан, күз ханзадасы 10-сынып оқушысы – Шерубаев Нұржан жоғары айқындықпен жеңіске жетті.