13
декабрь
2019
"Жас Ұланға" қабылдау салтанаты
Мектебімізде13 желтоқсан күні мәжіліс залында "Жас ұлан" қатарына 5 сыныпты қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиынға "Жас ұланның" туы енгізіліп, гимні орындалды. Оны мектебіміздің "Жас ұлан" ұйымының ұлан басшысы Амангелдинова Аяжан ашып, Елбасы қолдауымен құрылған ұйымға мүше болудың үлкен жауапкершілігі бар екендігін атап өтті. Ұйымға мүше болу - Отанға қызмет ету. Ол өзіңді өмірге әкелген, тәлімді тәрбие берген ата-анаңа қызмет ету. Салтанатты жиында "Жас ұланға" 5 сыныптан 25 мүше қабылданды.